2026 жылғы 23 сәуірде Новодолинский кенті әкімінің аппаратында кент әкімі Е.С. Исатаевтың төрағалығымен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиыны өтті.
Күн тәртібінде 2026 жылға арналған бюджетті нақтылау мәселелері, жергілікті қоғамдастық мүшелері су құбыры желілерінің құрылысын жалғастыру, жоба аяқталғаннан кейін жолдарды қалпына келтіру, кентті газбен қамтамасыз ету, кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау, аула аумақтарын абаттандыру және ағаштарды санитарлық кесуге қатысты көтерілген мәселелер қаралды.
Жиналыста айтылған ұсыныстар жұмысқа қабылданды.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1207936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау