Жетісу облысының Текелі қаласында жаңа мектептің құрылысы жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоба заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен жүзеге асырылып, халық игілігіне бағытталған.

Мектеп 200 орынға арналған, сондай-ақ оның жанынан 30 орындық шағын орталық ашылады.

Қазіргі таңда нысанның дайындығы 60%-ды құрайды. Прокуратура құрылыс барысын бақылауда ұстап, жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуда.

Құрылысты аяқтап, нысанды жаңа оқу жылының басына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өңірде қайтарылған активтер есебінен барлығы 20 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 7 әлеуметтік жоба іске асыру сатысында.

Активтерді қайтару жұмыстары жалғасып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1207649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version