Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Ыстамбұл қаласында өткен адам құқықтары жөніндегі халықаралық практикалық семинарға қатысты.
Іс-шара Түркияның Сот төрелігі академиясының базасында Түркі сот-құқықтық даярлау желісіне мүше елдер — Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қазақстан атынан Жоғары Сот Кеңесінің, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.
Делегацияның қатысуы Жоғары Сот Кеңесінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту, озық стандарттарды енгізу және судья кадрларын даярлау сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
— адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауда сот және білім беру институттарының рөлі
— халықаралық стандарттар (Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Еуропалық конвенция)
— Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың тәжірибесі
Кәсіби өзара іс-қимылды тұрақты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, үздік тәжірибелерді талқылап, одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындады.
Алынған тәжірибе мен үздік практикалар Жоғары Сот Кеңесі тарапынан судья кадрларын іріктеу және даярлау рәсімдерін жетілдіру барысында пайдаланылатын болады.
Жоғары Сот Кеңесі құқық үстемдігін нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және сот жүйесіне қоғам сенімін арттыруға бағытталған саясатты жүйелі түрде іске асыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1207818?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау