Жол қауіпсіздігі: ШҚО Полиция департаментінде электросамокаттарға қатысты жаңа ережелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол қауіпсіздігі: ШҚО Полиция департаментінде электросамокаттарға қатысты жаңа ережелер талқыланды

«Қауіпсіз жол» арнайы жобасын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Рифхат Тауфиков жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылығымен, «Jet» кикшеринг компаниясының және жедел жеткізу қызметтерінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Сындарлы диалог барысында қатысушылар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылап, жеке мобильділік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды енгізуге баса назар аударды.

Кездесуге қатысушылар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамалық жаңалықтарға ерекше тоқталды. Бұл өзгерістер жалға берілетін электросамокат жүргізушілерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды, оларды тіркеу нөмірлерін бере отырып есепке алуды және техникалық жай-күйіне қатаң бақылау орнатуды көздейді.

Полицейлер мопедтер мен электровелосипедтер енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жататынын, ал жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға көлікті тізгіндеткені үшін компанияларға әкімшілік жауапкершілік жүктелетінін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арнайы жолақтар салу және тұрақ орындарын ұйымдастыру бойынша практикалық қадамдарды пысықтады. Полиция, жергілікті билік және бизнес арасындағы тығыз іс-қимыл ғана заманауи көлік түрін облыс тұрғындары үшін қауіпсіз ететіні атап өтілді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1207982?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version