2026 жылдың 24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының өкілі және ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасарының қатысуымен атқарушылық құжаттарды орындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Ақпараттық жүйелердің функционалын одан әрі жетілдіру және оларды мемлекеттік органдар арасында ықпалдастыру қажеттілігі атап өтілді.
Аталған шараларды іске асыру деректер алмасудың жеделдігін қамтамасыз етіп, мәселелерді қарау тиімділігін арттыруға және жалпы азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1208154?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау