2026 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласының Әуезов ауданында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және аумақты абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыреспубликалық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік ауданның 4 негізгі локациясында өткізілді: Сайран көлінің жағалау аймағы (Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейін), Төле би көшесі (Саин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін), Алтынсарин көшесі (Жандосов көшесінен Абай даңғылына дейін), сондай-ақ Өтеген батыр көшесі (Жұбанов көшесінен Төле би көшесіне дейін).
Негізгі жұмыстар Сайран көлі аумағында және Алтынсарин көшесінде жүргізілді. Әр локацияда шамамен 2000-ға жуық адам жұмылдырылды. Іс-шараға аудан тұрғындары, белсенділер, коммуналдық қызмет қызметкерлері, бизнес өкілдері, әлеуметтік мекемелер, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары мен медицина қызметкерлері қатысты.
Сенбілік барысында шөп шабу, қоқысты жинау, ірі габаритті қалдықтарды шығару, жол жиектерін тазалау, сондай-ақ аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы тазаланған аумақ көлемі 12 гектарды құрап, 150 м³-ден астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, көгалдандыру аясында 70 дана жапырақты ағаш, оның ішінде 10 ірі көшет отырғызылды.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қаланы таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1208666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау