Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мәдениет саласының өкілдері жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға 3 мыңға жуық мәдениет қызметкері мен шығармашылық ұжым өкілдері қатысты.
Қатысушылар қатарында Жастар театры, Қуыршақ театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Наз» мемлекеттік би театры, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Музыкалық жас көрермендер театры, «Қанаттылар» инклюзивті театры, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Жастар» сарайы, Астаналық цирк, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және Бірлескен мұражайлар дирекциясы бар.
Сенбілік барысында әр мекеме өз аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, іргелес аумақтарды ретке келтірді.
«Таза Қазақстан» акциясы қала тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мәдениет саласының өкілдері бұл жұмысқа белсенді қатыса отырып, тазалық пен жауапкершілік мәдениетін ілгерілетуге үлес қосты.
#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #ТазаОрта
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1208605?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау