Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті.

Ведомствоның 90 қызметкері өздеріне бекітілген аумақты — Сауран және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысынан Сығанақ көшесіне дейінгі аралықты тазалауға шықты. Аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Министр мұндай бастамалардың қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

«Экологиялық мәдениет әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Жаңа Конституцияда азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауы дүниетанымымыздың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Конституция бірлік, жасампаз әрі жауапты патриотизм сияқты негізгі құндылықтарды қалыптастырады және «Таза Қазақстан» ұғымымен тікелей сабақтас екені сөзсіз. Бұл бастаманың түпкі мәні тек қоршаған ортаның тазалығында ғана емес, сонымен қатар қоғамның игілігі мен өркендеуіне деген ынталылықты білдіреді. Сондықтан тазалық акциясы — еліміздің экологиясына үлес қосумен қатар, қоршаған ортаға жанашырлықтың айқын көрінісі», — деді Айдарбек Сапаров.

Басты мақсат — қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудара отырып, халық арасында экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыру. Жалпықалалық сенбілік азаматтарды, ұйымдар мен мемлекеттік органдарды біріктіретін ауқымды «Таза Қазақстан» науқаны аясында өткізіледі, оның мақсаты — қоршаған ортаны барынша таза әрі қауіпсіз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1208590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version