Түркістан қаласында полиция қызметкерлері мен облыстық Экология департаменті бірлесіп, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Таза ауа” атты экологиялық іс-шара ұйымдастырды.
Рейдтің негізгі мақсаты – көлік құралдарынан бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің экологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету.
Шара барысында арнайы құрылғылардың көмегімен автокөліктердің шығарындылары тексерілді. Жалпы 42 көлік қаралып, олардың ішінде 18 жүргізушінің көлігінде белгіленген нормадан жоғары көрсеткіштер тіркелді. Аталған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қолданылды.
Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға, ауа сапасын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1208542?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау