Түркістан қаласында көктем мезгілінде егілген гүлдер қазіргі таңда жайқалып өсіп, қала келбетіне ерекше көрік беруде.
Жалпы қала аумағында 2 миллионға жуық гүл көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, шалпей (сальвия), петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, колеус және целлозия секілді әртүрлі сәндік гүл түрлері егілді.
Гүл егу жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, Әкімшілік-іскерлік орталығының аумағын, туристік нысандар маңын және орталық көшелерді қамтиды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1208682?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау