Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, жайылымдық жер, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, жер телімдерінің құжаттарын заңдастыру, сондай-ақ еңбек ақы төлемдері мен қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты сұрақтар қаралды.
Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мәселелердің заң аясында шешілу жолдары түсіндіріліп, кейбірі бойынша жауапты бөлімдерге зерделеу және тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.
Аудан басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1208515?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау