Көлік министрі Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты әуежайдағы ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырды.

Әуежайды тексеру барысында министр алдымен қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан ішкі рейстер терминалын (Т1) аралады. Мұнда жүк алу және жолаушыларды тіркеу аймақтарындағы жөндеу жұмыстары көрсетілді. Әуежай президенті Гокер Косенің айтуынша, терминалды жаңарту жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталуы жоспарланған.

Сонымен қатар, министрге әуежай инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Олардың қатарында автотұрақ аймағын кеңейту жоспары және әуежай аумағында салынатын жаңа қонақ үй кешенінің орны бар.

Одан кейін делегация халықаралық терминалдағы (Т2) төбе конструкцияларын жаңарту барысымен танысып, әуежай мұражайын және жерүсті қызметтерін үйлестіретін «Әуежайды жедел басқару орталығының» жұмысымен танысты.

Сапар соңында әуеайлақ аумағындағы жанармай құю кешені және мұздануға қарсы өңдеу жүргізілетін арнайы алаң көрсетілді.

Барлық жоба 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Бас жоспардың алғашқы кезеңі – Horizon бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл кезең 130-дан астам инфрақұрылымдық жобаны қамтиды. Оның ішінде:

* ұзындығы 4400 метр жаңа рулеждік жол салу;
* бетон жабыны бар ұшу-қону жолағын қайта жаңарту;
* VIP-перрон мен әуе кемелерінің тұрағын жаңарту;
* жаңа жүк перроны мен техникалық қызмет көрсету ангарын салу.

Бас жоспарды іске асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 40 млн жолаушыға дейін арттыруға және 2300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кешенді жаңғырту Алматының Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1208632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version