Қазақстан мен Түрікменстан ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады
24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары Азат Атаев арасында ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында ғылым және жоғары білім беру саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қаралды.
Түрікменстан тарапы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын атап өтіп, аталған саладағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын растады.
Тараптар студенттердің академиялық мобильділігі және Қазақстан Республикасында білім алып жатқан Түрікменстан азаматтарын қолдау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алатын Түрікменстан азаматтарының санының өсуіне байланысты ақпарат алмасу және өзара үйлестірудің тиімді тетіктерін қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
Қазақстан тарапы жоғары білім беру жүйесін жетілдіру бағытындағы тәжірибені ұсынды. Білім беруді басқару, сапаны қамтамасыз ету және кадр қажеттілігін айқындау тәсілдері баяндалды.
Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарымен үйлестіру бойынша тәсілдер, қабылдау жоспарларын қалыптастыру, Жаңа мамандықтар атласын пайдалану мәселелері қаралды.
Білім беру саласындағы орталықтандырылған тестілеу және талдамалық сүйемелдеу бойынша Қазақстанның тәжірибесі назарға ұсынылды. Қазақстан Ұлттық тестілеу орталығының білім беру сапасын бағалау және шешім қабылдауды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бағытындағы қызметі атап өтілді.
Тараптар жоғары білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелерін қарастырып, аталған бағыттағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын белгіледі.
Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тұрақты өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру перспективалары қаралды. Бірлескен жұмыс механизмін қалыптастыру мәселесін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның жоғары оқу орындары арасындағы тікелей серіктестікті дамыту жолдарын қарастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1208475?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау