2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында Жасыл климат қорының (ЖКҚ) Стратегиялық жоспары бойынша диалог өтті. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің ЖКҚ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ұлттық уәкілетті органдарының өкілдері, аккредиттелген ұйымдар және халықаралық қаржы институттары қатысты.
Диалог барысында ЖКҚ-ның екінші жаңартылған Стратегиялық жоспарының (USP-2) стратегиялық бағыты мен негізгі басымдықтары талқыланды. Атап айтқанда, қаржыландыруға қол жеткізу, жобаларды дайындау және ұлттық әлеуетті нығайту мәселелеріне назар аударылды.
ЖКҚ Кеңесінің 44-ші отырысында 2028–2031 жылдарға арналған үшінші Стратегиялық жоспарды (USP-3) әзірлеу жөніндегі іс-қимыл жоспары мақұлданды. Аталған жоспар елдер, аккредиттелген ұйымдар және бақылаушылардың қатысуымен ашық әрі айқын консультациялық үдерісті қарастырады.
Осыған байланысты Саммит алаңында USP-3 қалыптастыру бойынша алғашқы консультациялардың бірі өтті. Диалог аясында қатысушылар ұлттық және өңірлік басымдықтарды ескеру, өңірлік жобаларды дамыту, жобаларды инвестициялық кезеңге дейін дайындауды күшейту, сондай-ақ жеке және ішкі қаржыландыруды жұмылдыру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ЖКҚ-мен өзара іс-қимылды жалғастыруға және жаңартылған Стратегиялық жоспарды қалыптастыру бойынша консультациялық үдеріс аясында белсенді қатысуға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208602?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау