Арман Шаққалиев бастаған Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Сауда және интеграграция министрі Арман Шаққалиев бастаған ведомства қызметкерлері, министрлікке бағынысты ұйым басшылары мен қызметкерлері 25 сәуірде өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты.

Акцияға 200-ге жуық қызметкер ат салысты. Министрлік өкілдері Түркістан көшесінің Орынбор және Сығанақ көшелерімен қиылысар аралығына дейінгі белгіленген орынның қоқысын тазалады.

«Таза Қазақстан» – бұл әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Тазалық – әрқайсысымыз үшін міндетті норма болуы қажет. Сондай-ақ өзіміз өмір сүріп отырған қаланың таза әрі жайлы болуы өзімізге байланысты», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

#TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1208749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version