Аса көрнекті ғалым, академик, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті, ұлы геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай 2026 жылдың 15 сәуір күні 4,5,6-сынып оқушылары арасында математика және жаратылыстану пәндері бойынша Ақсу қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы «Ертіс Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық «Кіші Сәтбаев» олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға іріктеу (онлайн) турдан өткен 35 оқушы оффлайн (дәстүрлі) турға қатысып, жалпы-21 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша: 1 орын-5, 2 орын-5, 3 орын-11; Құрмет грамотасы-2. Жеңімпаздар қатарында Ақжар ОМ, Малайсары ОМ, Көктөбе ОМ, Майтүбек ОМ, Қазан ОМ, Жалтыр ОМ, Қаратерек ОМ. Барлық жеңімпаздарды және пән мұғалімдерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208719?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау