Май ауданында білім беру саласы үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. «Заман. Талап. Тренд» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған бұл басқосуда «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы, Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ақмарал Еркенқызы Есенгожина аудан педагогтерімен жүздесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек жолын Май ауданында бастаған білікті ұстаз жерлестерімен тәжірибе алмасып, «Кәсіби жетістікке жол: тәжірибе, ізденіс және жеңіс» тақырыбында мотивациялық сессия өткізді. Кездесу барысында ол заманауи білім беру талаптарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып, кәсіби дамудың маңыздылығы туралы құнды ойларымен бөлісті.

Іс-шарада педагогтер білім сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ББЖМ, ҰБТ және қорытынды емтихандарға дайындықтың тиімді жолдары қарастырылып, оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелер ортаға салынды. Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты арттыру және қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік төрт дағдыны жетілдірудің озық тәсілдері ұсынылды.

Кездесу барысында тәжірибелі ұстаздар өздерінің лайфхактарымен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208699?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version