Май ауданының білім беру бөлімінің үйлестіруімен білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң өтті. Шараға 80-ге жуық педагог қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Май ауданының білім беру бөлімінің үйлестіруімен білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң өтті. Шараға 80-ге жуық педагог қатысты.

Бұл алаң – жай ғана кездесу емес, тәжірибе мен идея тоғысқан маңызды кәсіби диалог алаңы болды. Іс-шараның басты мақсаты – ҰБТ-ның аралық нәтижелерін саралау, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын педагогтермен бірлесе талқылау және кәсіби өзара іс-қимылды нығайту.

«Педагогикалық навигация» секциясы аясында мектеп директорлары мен жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынып, ҰБТ-ға дайындықтың озық стратегияларын, ББЖМ нәтижелерін жақсарту тетіктерін, PISA форматындағы тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын ортаға салды. Сонымен қатар, әр пән бойынша оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен тиімді лайфхактар ұсынылды.

Пікір алмасу алаңы барысында қатысушылар нақты ұсыныстарын білдіріп қана қоймай, күнделікті тәжірибеде нәтиже беріп жүрген әдістерімен бөлісті. Бұл – әр педагог үшін жаңа серпін мен шабыт сыйлаған мазмұнды кездесу болды.

Аталған іс-шара білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды айқындап, педагогтердің кәсіби

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version