МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ БОЙЫНША
КЕЙС-ЗЕРТХАНАСЫ
«Директор – мектеп жүрегі» облыстық байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері қызметінде 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар мектеп директорларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.
2026 жылғы 23 сәуірде Мендіқара ауданы білім бөлімінің Алёшин жалпы білім беретін мектебінің директоры, облыстық байқаудың жүлдегері Тастемиров Дулат Мейірбекұлы әріптестеріне шағын жинақты мектептің даму жүйесін таныстырды. Негізгі назар инфрақұрылымдық және кадрлық мәселелерді жобалық қызмет арқылы шешуге аударылды.
Набатникова Татьяна Ивановна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ директорының орынбасары, іскерлік қарым-қатынас этикасы бойынша кейс ұсынды. Бұл тақырып директорлардың басқарушылық тұрғыдан қалыптасуында ерекше өзекті болып табылады.
Облыстық байқаудың жеңімпазы, Рудный қаласы білім бөлімінің №11 жалпы білім беретін мектебінің директоры Бурбаева Айнажан Халихқызы басқарушылық әрекеттерді автоматтандыруға бағытталған «Педагог еңбегінің экологиясы: автоматтандыру ресурсты қалай босатады» атты бастамасымен бөлісті.
Байқаудың жүлдегерлері Аденова Анара Сағидоқасқызы (Денисов ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі) және Аубакиров Бақытжан Ғабдылуахитұлы (Амангелді ауданы білім бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін мектебі) өздерінің жұмыс тәжірибесіне негізделген келесі тақырыптар бойынша кейстер ұсынды: «Мектепті тиімді басқарудың негізі ретіндегі құндылықтар: декларациядан тәжірибеге дейін» және «STEM кабинеттерін және робототехника жобаларын дамыту арқылы мектепті түрлендіру және инновациялау».
Педагогтердің тұлғалық әлеуетін дамыту тақырыбы аясында «Ресурстық хаб немесе педагогикалық ізденіс реакторын қалай іске қосуға болады» атты мазмұнмен қатысушыларды Леванова Татьяна Александровна (Қарабалық ауданы білім бөлімінің Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі) таныстырды.
Іс-шара соңында Тастемиров Дулат Мейірбекұлы директорлар байқауына дайындалу тәжірибесімен бөлісіп, «Мектептің күнделікті жұмысын байқау чемоданына қалай жинақтауға болады» тақырыбында ой қозғады.
Облыстық Әдістемелік орталықтың аға әдіскері Бесенбаева Валентина Бақытжановна жағдаяттарды талдау және шешу арқылы рефлексиялық кезеңді ұйымдастырды.
Ұсынылған кейстер мектеп директорлары қауымдастығындағы әріптестерге өз іс-әрекеттерін саралауға, мәселені шешу жолдары бойынша ұсыныстар жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушылардың бірі өз пікірінде: «Бір қабатты шағын ауыл мектебінде біз балаларымызға жағдай жасау мақсатында басқарушылық әрекеттерді жаңғырту идеясы төңірегінде біріктік. Кездесудің ерекшелігі – жылы, ашық қарым-қатынасқа құрылған атмосфера», – деп атап өтті.
3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мектеп директорларына арналған облыстық «Директордың бастамасы» жобасы жалғасуда!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1208754?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау