Облыс орталығында екі деңгейлі жол айырығының құрылысы жалғасып жатыр.
Бірінші кезең Сәтбаев даңғылын Базовая көшесімен, Жібек жолы көшесін Есенберлин даңғылымен байланыстыратын айналма жол құрылысын қамтиды. Екінші кезең Сәтбаев және Есенберлин даңғылдарын байланыстыратын құрылысты қамтиды.
Шеңберлі қозғалыс ішіндегі жұмыс мамыр соңына дейін аяқталуы тиіс.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, 1 маусымнан бастап Сәтбаев даңғылын жабуға тура келеді.
Жалпы, жаңа жол айрығы 25 қазанда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1208773?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау