2026 жылғы 20 сәуір, Врнячка-Баня қаласы – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Врнячка-Баня қаласында жұмыс сапарымен болып, жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты (FIDE) аясында өткен іс-шараға қатысты.
Елші Қазақстанның жасөспірімдер шахмат құрамасымен кездесіп, жас спортшыларға қолдау білдірді. Ол әр ойыншының елдің спорттық держава ретіндегі имиджі мен беделін арттыруға қосқан үлесін атап өтіп, зияткерлік спортты дамытудың маңыздылығын ерекше айтты.
Жарыстың ашылуына орай Елші символикалық алғашқы жүрісті жасап, турнир ойындарының басталуына белгі берді.
Сапар аясында Сербия шахмат федерациясының президенті Андрей Йоргичпен кездесу өтті. Тараптар спортты дамыту мақсатында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. А. Йоргич болашақта Қазақстан мен Сербия арасында командалық кездесулер ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Командалардың өзара сапарлары Қазақстан мен Сербия арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 21 медаль, оның ішінде 9 алтын медаль жеңіп алып, айтарлықтай жетістікке жетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1208733?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау