Жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушыларының арасында 2026 жылғы 21 сәуір күні облыстық “Ілияс Жансүгіров оқулары” байқауына Май ауданының білім беру ұйымдарынан 4 оқушы қатысып, 4 нәтижелі орындарға қол жеткізді.
“Ілияс-эпик ақын”-шығарманы жалғастыру номинациясында Май ОМ-нің оқушысы Дулат Балнұр -2 орын;
«Ілияс –қара сөз шебері» көркем сөз оқу номинациясында Ақжар ОМ-нің оқушысы Досымжанова Айнара-2 орын;
«Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлерлер номинациясында Жалтыр ОМ-нің оқушысы Темірболат Әділ -2 орын;
«Жаз!Жаз! Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясында Саты НМ-нің оқушысы Думан Акбар-3 орын;
Пән мұғалімдері: Адильшина Нұржамал Бейсенбековна, Мутанқызы Армангуль, Базылбаева Эльмира Егинбаевна және Телеухан Гүлден.
Жүлдегерлерді және пән мұғалімдерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐💐💐
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208722?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау