🌿 «Таза Қазақстан»: облыста 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Облыста іс-шара аясында 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  заманауи экопарк құрылысы жүргізіліп жатқан Пестрое көлінде ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты.

Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы екі жыл ішінде тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға жанашырлық таныту идеяларын біріктірген маңызды жалпыұлттық қозғалысқа айналды.

«Ең бастысы – акция өңір тұрғындарын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әсіресе, белсенді әрі бастамашыл жастардың көптігі қуантады. Бұл қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін жаңа буынның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді», – деді өңір басшысы.

Осы кезеңде өңірде елді мекендерді санитарлық тазарту, аула аумақтарын абаттандыру, саябақтар мен гүлзарларды ретке келтіру, әлеуметтік нысандарды, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Өңірді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 200 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылса, биылғы жоспар 155 мыңды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1208877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version