Бүгін, Созақ ауданында халықпен кері байланысты нығайту және азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Созақ ауданы Созақ ауылы және Таукент елді мекенінде азаматтарды қабылдау бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
Мобильді қабылдауға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы қатысып, өңір тұрғындары тарапынан қойылған еңбек қауіпсіздігі, жұмыстан заңсыз босату, жалақы төлеу және еңбек қатынастары саласына қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштер айтылды. Әрбір сұрақ мұқият тыңдалып, еңбек заңнамасы аясында нақты түсіндірмелер берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау