2026 жылдың 22-23 сәуір күндері Ақтөбе облысы Байғанин ауданында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық қадағалауды жүйелеу мақсатында «Оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруларының эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдайы, клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Іс-шараны Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және облыстық обаға қарсы күрес станциясы ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 22-23 сәуір күндері Ақтөбе облысы Байғанин ауданында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық қадағалауды жүйелеу мақсатында «Оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруларының эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдайы, клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Іс-шараны Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және облыстық обаға қарсы күрес станциясы ұйымдастырды. Семинарға Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, аудандық аурухананың, дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлері, сондай-ақ ветеринариялық қызмет мамандары қатысты. Семинар барысында оба және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының өңірдегі эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалы, аурулардың клиникалық белгілері, диагностика жүргізу алгоритмдері, емдеу тактикасы және індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға күдікті жағдайлар анықталған кезде әрекет ету тәртібі, эпидемиологиялық тексеру жүргізу, биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және жеке қорғаныш құралдарын дұрыс қолдану бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді. Аталған семинардың негізгі мақсаты – медицина және ветеринария қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру, салааралық өзара іс-қимылды күшейту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1209105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version