2026 жылдың 27 сәуірінде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы өтті
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 6 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға Күршім ауданының әкімі Мейржан Канатбекұлы Альбеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы Даниар Талғатұлы Адилбеков, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №47/4-VІII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы
2.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеуге байланысты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талғатұлы Адилбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
3.Күршім ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы
Даниар Талғатұлы Адилбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/6HqmrZ018lA?si=AWXkk_XnO9jftxqu
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1209049?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау