Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығына сәйкес, 7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні болып бекітілді.
Осы орайда, облысымыздың жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлеміне тоқталып өтсек.
Жалпы, өткен 2025 жылы 4 531 994 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 98,5%-ы, яғни 4 464 574 қызмет электрондық форматта ұсынылған.
Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде цифрлық форматқа көшу үрдісінің жыл сайын қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетеді. Қазіргі таңда азаматтар үшін электрондық қызметтерді пайдалану қолжетімді әрі ыңғайлы болып, уақытты үнемдеуге және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін электрондық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып, халыққа қызмет көрсету сапасы одан әрі жетілдіріле бермек.
Осы кәсіби мереке – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күнімен барша сала мамандарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – халық пен мемлекет арасындағы сенімді байланысты нығайтып, қоғамның тұрақты дамуына үлкен үлес қосуда. Әрбір көрсетілген қызмет – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1209504?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау