Өңірімізге іс-сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Геннадий Геннадиевич Шиповскихпен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде «Адал азамат – әділетті қоғам тірегі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, оларды ел дамуының өзекті бағыттарымен таныстыру және мемлекет пен жастар арасындағы өзара байланысты нығайту.Геннадий Геннадиевич алдымен колледждің оқу шеберханалары, музейі, ұлттық кабинеті мен студенттердің жобаларымен танысты.Шараға білім ордасының 150 аса студенті қатысып, спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар алды. Кездесу студенттер үшін тәжірибе алмасу мен жаңа идеяларды дамытуға арналған құнды алаңға айналды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1209466?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау