Орал қаласында әуежай бағытына апаратын жолда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған екі азаматша анықталды.
Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг барысында аталған тұлғалардың көлік құралын басқару кезінде қауіпті маневрлер жасап, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны тіркелді.
Сонымен қатар, қозғалыс кезінде жолаушының автокөлік терезесінен шығып, ұялы телефон пайдаланғаны анықталды. Аталған әрекеттер жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша азаматшаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Полиция департаменті ескертеді: жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жүргізушілердің де, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың да өміріне тікелей қауіп төндіреді. Кейде болмашы қателік ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1209946?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау