AgroSkills-2026» облыстық IV кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 10:00-де Ақсуат ауылының Мәдениет үйінде «AgroSkills-2026» облыстық IV кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға мектеп директорлары, кәсіби бағдар беруші педагогтер және еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шараға Қожагелді батыр атындағы орта мектеп пен К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің 9–11-сынып оқушылары да қатысты.

Сол күні Ақсуат колледжінде сағат 12:30–13:30 аралығында Абай облысының 32 колледжінен келген директорлар мен мамандар 14 аудан мектептерінің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандары оқу орындары туралы ақпарат беріп, кәсіптік бағдарға арналған ақпараттық парақшалар таратты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209253?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version