World Boxing халықаралық турнирінің бірінші кезеңі Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтті. Қарағандыдан 65 келі салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы финалға сенімді түрде өтіп, шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездесті. Біздің жерлесіміз әдемі жұдырықтасып, артықшылықты өз қолына алуға тырысты, алайда төрешілер қарсыласын жеңімпаз деп таныды. Сонда да осындай күшті бәсекелестікпен жеңіп алынған Әлем Кубогының «күмісі» де үлкен жеңіс! Аида Әбікеева мен оның жаттықтырушылары Елдос Жәнібекұлы Сайдалин мен Ислам Берікұлы Әбдірайымовты жеңістерімен құттықтаймыз! Айта кетейік, қазақстандық боксшылар әлем Кубогының бірінші кезеңінде жеті медаль жеңіп алды, оның үшеуі алтын, біреуі күміс және үшеуі қола. Біздің команда Бразилия мен Қытайдан кейін үшінші жалпы командалық орынға ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1209477?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау