Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қолайсыз жағдайдағы отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қарастырылды.
Комиссия мүшелері әрбір жағдайды жеке қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1209110?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау