Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Фазилов Данияр Қанатұлына келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 21642, 87006488469.
Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1208963?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау