Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша 14 шағын «Табыс» коммуналдық базары жұмыс істеп тұр.
Соның бірі – Набережная көшесі, 84А мекенжайында орналасқан сауда нүктесі.
Аталған жерде Хромтау ауданына қарасты Қопа ауылынан жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда. Қазіргі таңда тұрғындар табиғи әрі сапалы сүт өнімдерін сатып ала алады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары өндірген өнімдер арнайы бөлінген орындарда сатылуда. Атап айтқанда, сүт, қаймақ, айран, ірімшік, құрт, сары май және өзге де өнімдер тұрғындарға нарық бағасынан төмен ұсынылып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1209236?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау