«Артық білім кітапта»: Шахтинск оқушылары мен ұстаздары облыстық байқауда топ жарды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Артық білім кітапта»: Шахтинск оқушылары мен ұстаздары облыстық байқауда топ жарды!*
«Кітап – алтын қазына, білім – теңіз» демекші, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – жарқын болашақтың кепілі.
2026 жылғы 23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» және «Кітап оқитын педагог» облыстық байқауларының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы білім додасында Шахтинск қаласынан 30 оқушы және білікті педагогтар бақ сынап, өздерінің білімпаздығы мен оқырмандық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
🏆 Байқаудың жүлде қоры
Биылғы жеңімпаздарды бұрын-соңды болмаған қомақты қаржылай сыйлықтар күтті:
🥇 1-орын: 1 000 000 теңге
🥈 2-орын: 600 000 теңге
🥉 3-орын: 400 000 теңге

👩‍🏫 «Кітап оқитын педагог» байқауының жеңімпаздары
Мұғалім – оқушы үшін әрқашан үлгі. Орыс лигасы бойынша сынға түскен біздің ұстаздарымыз облыстық кезеңде жарқырап көрініп, *ІІ дәрежелі* дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды:
Гутырко Татьяна Владимировна – Ш. Уәлиханов атын. МГ мұғалімі;
Савельева Юлия Борисовна – Ш. Уәлиханов атын. МГ мұғалімі;
Рогозина Надежда Валерьевна – №7 ЖББМ мұғалімі.

🌟 Біздің мақтаныштарымыз – Оқушылар арасындағы жүлдегерлер
📘 ҚАЗАҚ ЛИГАСЫ
6-сынып оқушылары арасында ( *ІІ дәрежелі диплом* ):
Уринбасарова Айман – С. Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы;
Калмаханова Алтынай – Ә. Бөкейханов атындағы МЛ оқушысы;
Хайруллин Диас – С. Сейфуллин атындағы МГ оқушысы.

7-сынып оқушылары арасында ( *ІІ дәрежелі диплом* ):
Бейсенбай Дильназ – Ә. Бөкейханов атындағы МЛ оқушысы;
Байкен Айғаным – Ә. Бөкейханов атындағы МЛ оқушысы;
Тилеубек Айнұр – С. Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы.

📙 ОРЫС ЛИГАСЫ
7-сынып оқушылары арасында ( *ІІ дәрежелі диплом* ):
Усманов Роман – Е. Бөкетов атындағы ЖББМ оқушысы;
Козлов Артем – №6 ЖББМ оқушысы;
Абрамчук Злата – №2 ЖББМ оқушысы.

9-сынып оқушылары арасында ( *ІІ дәрежелі диплом* ):
Ченцова София – Ш. Уәлиханов атындағы МГ оқушысы;
Айтжан Мерей – №11 ЖББМ оқушысы;
Исабаева Милана – №6 ЖББМ оқушысы.

«Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы. Кітап — ең сабырлы ұстаз!»
Кітап — адамның рухани өсіп-өркендеуіне жол ашатын ең жақсы дос әрі айнымас тәлімгер. Жүлдегер ұстаздарымыз бен оқушыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🎉
⬇️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version