Астанада LRT картасына онлайн өтінім беру басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында 28 сәуірден бастап оқушылар мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады.

Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.

Картаны дайындау құны – 1200 теңге.

Өтінім беру тек онлайн форматта https://transcard.kz  ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Рәсімдеу үшін мәліметтерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пункті (жақын аудан әкімдігі) таңдау қажет.

Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың 6 аудандық әкімдігінде дайын карталарды беру орындары ұйымдастырылды. Дайын болған карталар сонда жіберіледі.

Картаны пайдаланушы өтінім беру кезінде таңдалған тиісті аудандық әкімдіктен алады.

LRT атаулы көлік картасы тек LRT-мен жүруге арналған және қалалық бағдарларға жарамсыз.

Басқа жолаушылар үшін жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады. Сондай-ақ, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері қарастырылған. Төлем тәсілдері туралы қосымша хабарланады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1209799?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version