Аудандық мәслихат төрағасының шешімі
Жаңақала ауылы № 38 27 сәуір 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38 сессиясына шақыру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 – бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38 – сессиясы 2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 10.00-да шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
- Жаңақала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2026 жылға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы;
- Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы м.у.а А.Тасанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1209234?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау