15 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева Атырау облысы әкім аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан несие жүктемесін азайту, жеке нотариустың жүргізуіндегі мұрагерлік іс, сондай-ақ жеке сот орындаушының әрекеті (әрекетсіздігі) мәселелері көтерілді.
Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, нақты құқықтық кеңестер ұсынылды.
Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, дауларды заңды жолмен шешу тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгіну рәсімі түсіндірілді. Қажет болған жағдайда тиісті мекемелерге жолдамалар беру және қосымша құқықтық көмек көрсету мәселелері де қарастырылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1208934?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау