Азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтық қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мен дайындық деңгейін арттыру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің және азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қарапайым паналау орындарын ұйымдастыру және пайдалану, химиялық қауіпті объектілерді қауіпсіз реагенттерге көшіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел соңында жер сілкінісі кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері мен әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1208798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version