Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп базасында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен ата-аналар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп базасында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен ата-аналар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан ата-аналар жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцинацияның маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Семинар барысында иммунопрофилактиканың қоғамдық денсаулықты сақтаудағы рөлі, вакцинацияның тиімділігі және жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетудегі маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, семинарда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселесі көтеріліп, оның онкологиялық аурулардың алдын алудағы тиімділігі жан-жақты талқыланды.
Семинарға қатысқан Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары И.Аяғанова және аудандық аурухананың гинеколог дәрігері тыңдаушыларға мазмұнды ақпараттар ұсынып, өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1209097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version