2026 жылғы 24 сәуірде М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жаңа жұлдыз» жобасы аясында облыстық вокал өнері байқауы – «Baqytty bala – 2026» өтті.
Байқауға Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 10–13 және 14–17 жас аралығындағы вокалдық ансамбльдер қатысты. Қатысушылар бір конкурстық шығарманы орындап, вокалдық шеберліктерін, сахналық мәдениетін және көркемдік қабілеттерін көрсетті.
Өнерпаздар вокалдық шеберлік, артистизм, репертуардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, сахналық бейне және бағдарламаның күрделілігі сынды негізгі критерийлер бойынша бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Самғау» вокалдық ансамблі Павлодар қаласы, №47 Келешек мектебі «Құлан ару» әнімен жеңіп алды.
Байқаудың толық нәтижелері М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ресми сайтында жарияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1208879?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау