Басқарма ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбіліктерге белсене қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды шара қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған.
Акция барысында Басқарма ұжымы бекітілген аумақты санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. 
Мұндай іс-шаралар өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға септігін тигізеді.
Басқарма ұжымы барлық өңір тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға және экологиялық бастамаларды қолдауға шақырады. Тазалық — өзімізден басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-economy/press/news/details/1209665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version