Медициналық колледжде «Білім және еңбек – стратегиялық құндылық, адами капиталды дамыту» тақырыбында мазмұнды лекция өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы заң консультанттар палатасының заң консультанты Мырзабай Нұрлан Альжанұлы өткізді.
Лекция барысында Н.А.Мырзабай білім мен еңбектің қоғамдағы маңызы, кәсіби даму жолдары және адами капиталды арттырудың негізгі бағыттары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, заң саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу студенттер үшін пайдалы әрі мотивациялық сипатта өтіп, болашақ маман ретінде өз-өздерін дамытуға бағыт берді. Студенттер қонаққа өз ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға үлкен мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1209853?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау