Бокстан Кеңес Одағының бес дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Болат Бисенұлы Теміровті еске алуға арналған U-23 жастар арасындағы III халықаралық бокс турнирі өтті.
Дәстүрге айналған бұл дода жас боксшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік берді. Турнир барысында тартысты жекпе-жектер өтіп, әр салмақта үздіктер анықталды.
Бұл турнир өңірімізде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бес күнге созылатын биылғы додаға 23 командадан 250-ге жуық спортшы қатысуда. Шаршы алаңда Қазақстан боксшыларымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.
Жалпы командалық есепте:
Турнирдің жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Болат Бисенұлы Теміровтің есімі ұлықталған бұл жарыс жас спортшыларға үлкен мотивация беріп, олардың алдағы жеңістеріне жол ашары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/1209190?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау