БҚО-да студенттермен мемлекеттік қызмет туралы мотивациялық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысынын мәдениет, тілдерді дамыту жене архив ісі басқармасымен бірлесіп, Ж.Молдағалиев атындаты Батыс Қазакстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында студенттерімен мотивациялык кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты -тәжірбие алмасу, жас мамандарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және мемлекеттік аппаратқа білікті кадрларды тарту мен ерте кәсіптік бағдарлау институтын қалыптастыру.
Кездесуге «Үздік мемлекеттік кызметші» төс белгісінің иегерлері М.Нуртазин және А.Ашық шакырылып, жастар мен мемлекеттік қызметте көп жылдар бойы еңбек еткен мемлекеттік қызметшілер арасында ашык диалог алаңы болды.
Мемлекеттік қызметшілер өз өмірбаяндары мен қызметтік жолдары, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы тәржіриелерімен бөлісті.

Шара барысында Департамент өкілі жастарға берілген конкурстан тыс мемлекеттік кызметке орналасу мүмкіндіктері мен цифрлык платформадағы конкурстык іріктеуге енгізілген өзгерістер туралы баяндады.
Сонымен қатар, студенттерге «Заң және тәртіп» қағидасы шеңберінде сыбайлас жемкорлыкқа төзбеушілікті қалыптастыру мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дамыту жөнінде ақпарат ұсынылды.
Аталған кездесу жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, кәсіби дамуларына жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1209501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version