БҚО-да «Tomorrow School» жобасының өңірлік кампусы ашылды
Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллект және ІТ саласындағы жаңа білім беру мүмкіндігін ұсынатын «Tomorrow School» жобасының өңірлік кампусы ашылды.
Жаңа кампустың ашылу таныстырылымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта қатысты. Бұл жоба өңір жастарына заманауи цифрлық дағдыларды меңгеріп, халықаралық деңгейдегі білім беру моделіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Tomorrow School – Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Оқу бағдарламасы жобалық жұмысқа, өзара тәжірибе алмасуға және практикалық тапсырмалар арқылы білім алуға негізделген. Мұнда білім алушылар бағдарламалау негіздерінен бастап, жасанды интеллект және заманауи ІТ бағыттары бойынша қолданбалы дағдыларды меңгереді.
Жобаның басты ерекшелігі – оқу толықтай тегін және Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді. Сонымен қатар бағдарламаға қатысу үшін алдын ала ІТ саласындағы тәжірибенің болуы міндетті емес.
Кампус тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Білім алушылар оқу кестесін өздері жоспарлап, білім алуды жұмыс немесе басқа оқу түрімен қатар алып жүре алады.
БҚО-да «Tomorrow School» өңірлік кампусының ашылуы жергілікті ІТ-экожүйені дамытуға, цифрлық экономикаға қажетті білікті мамандар даярлауға және өңірдегі талантты жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1209555?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау