2026 жылғы 25 сәуір күні Бұрма ауылдық округінде ауқымды көгалдандыру жұмыстары өтті. Экологиялық шара аясында ерекше назар ауылдағы Фельдшерлік-акушерлік пунктінің (ФАП) аумағына аударылды.
Аталған нысанның айналасын абаттандыру мақсатында жергілікті әкімдік,бюджеттік мекеме қызметкерлері мен медицина қызметкерлері бірлесіп жас тал көшеттерін отырғызды.
Бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және елді мекеннің көркін кіргізуге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1209686?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау