Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Чернобыль атом электр стансасындағы орын алған жарылыс – атом энергиясын пайдалану тарихында адамзатқа орны толмас зор қасірет әкелген әлемдегі ең ірі ядролық техногендік апат.

     Апатты залалсыздандыруға қатысқандар өз денсаулығы мен өмірін қиып, бүкіл әлемге зардабын тигізбеу үшін көмек көрсетті.

    Бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан адамдардың ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды. Чернобыль апатының алдын алуға қатысқан мыңдаған отандасымыз ерлігі мен жігерінің арқасында радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды.

    Чернобыль апатының ардагерлері Отан үшін өмірлерін қиып, өзге де адамдарды қорғап, өз борыштарын орындады. 

    Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінде Чернобыль оқиғасынан зардап шеккен азаматтарды еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

    Аталған шараға аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің, алқа билер кеңесінің төрағалары, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Жиынға қатысушылар апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

    Чернобыль апаты ардагерінің әрбірінің іс-әрекеті – бүгінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісі, қашанда ерекше тағзым етеміз.            Өлшеусіз ерлік танытқан абзал азаматтардың рухы асқақ болсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1209726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version