Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде кезекті «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары өткізілді.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы аталған акцияға белсенді ат салысып, сенбілікке қатысты.
Шара барысында Департамент қызметкерлері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.
Бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Шараның басты мақсаты – қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, сүйікті қаламыздың тазалығына ұжымдық үлес қосу мәдениетін нығайту.
Департаменттің аудандық басқармаларының ұжымдары да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, өз аудандарының аумағындағы сенбіліктерге қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1209418?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау