Депутаттар Жібек жолы кентіндегі сәндік өсімдіктер питомнигінің жұмысымен танысты (21.04.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Тұрақты комиссияның отырысы алдында (онда жасыл желектерді күтіп-ұстау сапасы, оларды есепке алу, өтемдік отырғызу, сондай-ақ «Сәндік ағаш-бұта питомнигі» жобасын іске асыру мәселелері қаралмақ) мәслихат депутаттары Жібек жолы кентіндегі Jardin сәндік өсімдіктер жеке питомнигіне барды.

Питомникте елорданы көгалдандыруға пайдаланылатын қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар, сондай-ақ көпжылдық гүлдер өсіріледі. Депутаттар өндірістік үдеріс, отырғызу материалының ассортименті және қаланы сапалы жасыл желекпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен танысты.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады: ертең депутаттар Астана қаласының саябақтары мен скверлерін аралап, жасыл желектердің қазіргі жағдайын, оларды күтіп-ұстау сапасын және жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын жерінде бағалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1208857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version